Негізгі мазмұнға

«Жоба жасау арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамыта отырып қазақ тілі мен әдебиетін оқыту» тақырыбындағы «қазақ тілі мен әдебиеті» пәні педагогтерін қайта даярлау және біліктілікті арттыру курсының білім беру бағдарламасы

Smart LMS

Біліктілікті арттыру курсының білім беру бағдарламасы Т1 және Т2 әдіснамасы аясында жұмыс істейтін мұғалімдерге арналған. «Жоба жасау арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамыта отырып қазақ тілі мен әдебиетін оқыту» курстық бағдарламаның бағыты – оқу бағдарламасын өмірмен байланыстырып, оқушының өзін сынап, бақылауына мүмкіндік беретін және  жоба арқылы ақпараттық технологияларды қолданып, цифрлық жүйеге жеке шығармашылықты енгізіп оқыту. Адамзаттың өміріне бітеқайнасып кеткен ақпараттық технологияға оқушы туған тілі мен төл әдебиеті арқылы барады. Жеке тәжірибе көрсеткендей, оқушының деңгейі өседі, өзінің ұлттық өзегін түсінеді.

Курстық бағдарламаның талап-мазмұны:

1.          А.Байтұрсынұлының «Тірі білім» теориясы  заманауи тұрғыда қолданылады; 

2.          Оқушының  нені не үшін жасау керектігін айқындайтын теориялық білім парадигмасының  практикада жүзеге асуын қамтиды;

3.          Оны қалай жасау қажеттігіне байланысты оқылым, айтылым, жазылым, тыңдалым дағдыларына икемділік  қалыптасады;

4.          Қазақ тілінің танымдық, тағылымдық, қолданым: сөз мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, қарым-қатынас мәдениеті, шешендік сөз секілді білім мазмұны  қамтылады;

5.          Қазақ тілінің жүйесі: фонетикасы, лексикасы, грамматикасы, стилистикасы жоба жасау барысында  айқындалып отырады.

«Жоба жасау арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамыта отырып қазақ тілі мен әдебиетін оқыту» курстық бағдарламасы – білім саласына өзек арқылы прогресс жасауға ұмтылу әрекеті. Кез келген прогресс өзектен басталады. 

         Бағдарламаның басты мақсаты – Педагогтің қоғамдағы мәртебесін, тұлғалық қасиетін анықтап, жаһандық процесті оқу мақсатымен байланыстыра  талдай отырып, ақпараттық технологиялық сауаттылықты дамыту арқылы  қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің деңгейін көтеру және қазақ тілі мен әдебиеті мұраларын заманға лайықтап,  туған тіл мен  төл әдебиетке жаңаша көзқарас қалыптастыру. 

Бағдарламаның міндеттері:

1.                  Ақпараттық технологияларды, цифрлық заманауи жүйелерді  ұлттық

тіл мен әдебиеттің дамуына пайдалану  және педагогтерді заманауи жоба әзірлеуге бейімдеу;

2.                  Қазақылық пен ұлттық қағидалар негізінде ақпараттық

технологиялардың мүмкіндіктерін қазақ тілі мен әдебиеті сабағында пайдаланудың әдістерін көрсету және бірлесіп дамыту;

3.                  Қазақ тілінің танымдық, тағылымдық, қолданым бағыттарын меңгеру

үшін ақпараттық технологиялар арқылы басқа пәндермен кіріктіру арқылы жоба ұйымдастырудың жолдарын ұсыну, айқындау;

4.                   Өмірді түсінетін, болашағын болжайтын, сыни ойлайтын, сауатты,

тәрбиелі, ең бастысы ұлттық ұстанымдағы ұрпақ қалыптастыру жолында мұғалімдердің нәтижелі ықпал ете алатын құзіретін дамыту, шыңдау және бағыттау;

Күтілетін нәтиже:

1.                  Ақпараттық технологияларды, цифрлық жүйелерді қазақ тілі

сабағында ұлттық мүдде тұрғысынан қолдануды біледі және замануи жоба әзірлеуге бейімделеді.

2.                  Қазақылық пен ұлттық қағида негізінде ақпараттық технологияларды

 қазақ тілі сабағында қолданудың  әдістерін үйренеді, шығармашылық дамиды.

3.                  Қазақ тілінің танымдық, тағылымдық, қолданым бағыттарын басқа

пәндерге кіріктіре отырып жоба ұйымдастырудың жолдарын түсінеді және пәнаралық бірлескен жоба жасаудың бағыттарын меңгереді.

4.                  Пайымдай алатын, ойлы, сауатты, тәрбиелі ұрпақ, отаншыл азамат

қалыптастыра алатын құзіреті заманауи бағыт алады, шыңдалады, дамиды.

       Бағдарлама 5 модульден тұрады.

1. Нормативтік-құқықтық ой

2. Ақпараттық технология және жаңашылдық

3. Икемділік иірімдері

4. Білім тек оқу емес, әрекет ету

5. Оқыту технологиялары.

Программа курса

Полезная информация

Начало обучения: 1 желтоқсан 2025 года

Стоимость: 12 000 KZT

Язык обучения: Казахский

Объем академических часов: 80

Окончание обучения:

Тіркелген сәттен бастап 60 күн ішінде

Егер курс тыңдаушысы көрсетілген мерзім ішінде оқуды аяқтап үлгермесе (бұл қашықтан оқу курсын өзіне қолайлы кез келген уақытта) сертификат берілмейді және материалдарға қолжеткізу жабылады

Преподаватели

Записаться на курс

Все права зарегистрированы © 2025

Разработано компанией LMS.KZ