«Жоба жасау арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамыта отырып қазақ тілі мен әдебиетін оқыту» тақырыбындағы «қазақ тілі мен әдебиеті» пәні педагогтерін қайта даярлау және біліктілікті арттыру курсының білім беру бағдарламасы
Біліктілікті арттыру курсының білім беру бағдарламасы Т1 және Т2 әдіснамасы аясында жұмыс істейтін мұғалімдерге арналған. «Жоба жасау арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамыта отырып қазақ тілі мен әдебиетін оқыту» курстық бағдарламаның бағыты – оқу бағдарламасын өмірмен байланыстырып, оқушының өзін сынап, бақылауына мүмкіндік беретін жәнежоба арқылы ақпараттық технологияларды қолданып, цифрлық жүйеге жеке шығармашылықты енгізіп оқыту. Адамзаттың өміріне бітеқайнасып кеткен ақпараттық технологияға оқушы туған тілі мен төл әдебиеті арқылы барады. Жеке тәжірибе көрсеткендей, оқушының деңгейі өседі, өзінің ұлттық өзегін түсінеді.
Курстық бағдарламаның талап-мазмұны:
1.А.Байтұрсынұлының «Тірі білім» теориясызаманауи тұрғыда қолданылады;
2.Оқушыныңнені не үшін жасау керектігін айқындайтын теориялық білім парадигмасыныңпрактикада жүзеге асуын қамтиды;
3.Оны қалай жасау қажеттігіне байланысты оқылым, айтылым, жазылым, тыңдалым дағдыларына икемділікқалыптасады;
4.Қазақ тілінің танымдық, тағылымдық, қолданым:сөз мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, қарым-қатынас мәдениеті, шешендік сөз секілді білім мазмұнықамтылады;
5.Қазақ тілінің жүйесі: фонетикасы, лексикасы, грамматикасы, стилистикасы жоба жасау барысындаайқындалып отырады.
«Жоба жасау арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамыта отырып қазақ тілі мен әдебиетін оқыту» курстық бағдарламасы – білім саласына өзек арқылы прогресс жасауға ұмтылу әрекеті. Кез келген прогресс өзектен басталады.
Бағдарламаның басты мақсаты – Педагогтің қоғамдағы мәртебесін, тұлғалық қасиетін анықтап, жаһандық процесті оқу мақсатымен байланыстыра талдай отырып, ақпараттық технологиялық сауаттылықты дамыту арқылы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің деңгейін көтеру және қазақ тілі мен әдебиеті мұраларын заманға лайықтап, туған тіл ментөл әдебиетке жаңаша көзқарас қалыптастыру.
Егер курс тыңдаушысы көрсетілген мерзім ішінде оқуды аяқтап үлгермесе (бұл қашықтан оқу курсын өзіне қолайлы кез келген уақытта) сертификат берілмейді және материалдарға қолжеткізу жабылады