Жалпы білім беру мектептерінде химия пәні мұғалімдерін оқытуға арналған «Оқу процесін модельдеу: Зерттеу дағдылары және Design Thinking – химияның негізгі концепцияларын түсіну мен шығармашылықтың кілті» педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы
Бағдарламаның өзектілігімұғалімдер үшін терең пәндік білімнің маңыздылығын атап өту және оны тереңдету және оқу іс-әрекетінде тиімді қолдану бойынша практикалық ұсыныстар беру. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде ұстаздар өз біліктілігін арттырып қана қоймай, білім беру жүйесінің дамуына, шәкірттерінің табысты болашағына зор үлес қоса алады.
«Оқу процесін модельдеу: Зерттеу дағдылары және Design Thinking – химияның негізгі концепцияларын түсіну мен шығармашылықтың кілті» білім беру бағдарламасы келесі талаптарды айқындайды:
·оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, жалпы орта білім беру ұйымдарының химия мұғалімдерін даярлау мазмұнына;
·педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін дамыту;
·педагогтердің білімін игеру деңгейіне;
·оқу жүктемесінің көлемі мен мазмұны;
·оқу процесін ұйымдастыру және жүзеге асыру нысандары;
біліктілікті арттыру курстары шеңберінде педагог қызметкерлерді аралық және қорытынды аттестаттау.
Бағдарламаның мақсаты - зерттеу дағдылары мен дизайндық ойлауды интеграциялау арқылы Тыңдаушылардың химия пәні мазмұны бойынша білімдерін тереңдету және оқыту әдістемесін дамыту.
Бағдарламаның негізгі міндеттері:
1.аналитикалық және физикалық химия тараулары бойынша горизонталды және вертикалды жоспарлау жүргізу;
2.силлабус, сабақ жоспарын және оқу материалдарын әзірлеу дағдыларын жетілдіру арқылы методикалық құзыреттіліктерін арттыру;
3.альтернативті зертханалық жұмыстарды орындау арқылы мәліметтерді интерпретациялау және талдау дағдыларын дамыту;
4.пәндер интеграциясы арқылы концептуалды ойлауды дамытатын кейс-зерттеулер жүргізу;
5.оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау және бақылаудың тиімді әдістерін әзірлеу;
6.оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға бағытталған инновациялық педагогикалық технологиялар мен әдістерді енгізу;
7.химияны оқытуда заманауи цифрлық құралдар мен ресурстарды пайдалануды үйрену.
Күтілетін нәтижелер:
1.жоспарлау нәтижесінде аналитикалық және физикалық химияның тақырыптары бойынша негізгі концепцияларды анықтап, пәнішілік және пәнаралық интеграциясын жүргізе алады;
2.2-5 модульдердің мазмұны бойынша оқыту процесін оқушының қажеттілігіне сай бейімдейді;
3.аналитикалық және физикалық химиядағы процестер мен заңдылықтардың негізгі концепцияларын есеп шығаруда, зертханалық жұмыстардың мәліметтерін интерпретациялауда терең білімдерін демонстрациялайды;
4.Тыңдаушылар өз тәжірибесін жақсартатын, теориялық білімді дамытатын сабақта пайдалануға болатын ресурстарды (сараланған тапсырмалар, концепт-карталар, альтернативті зертханалық жұмыстар) әзірлейді;
5.Тыңдаушылар оқушылардың білімін бағалау мен бақылаудың жаңа әдістерін меңгереді, бұл оларға оқу жетістіктерін объективті және толық бағалауға және қосымша назар аударуды қажет ететін салаларды анықтауға мүмкіндік береді.
6.Тыңдаушылар оқушылардың ынтасын және белсенділігін арттыратын оқытудың жаңа әдістерін, оның ішінде белсенді және интерактивті оқыту түрлерін меңгереді.
7.Химияны оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ), оның ішінде білім беру платформаларын, интерактивті тақталарды, виртуалды зертханаларды және басқа да цифрлық құралдарды белсенді түрде қолданатын болады.
Егер курс тыңдаушысы көрсетілген мерзім ішінде оқуды аяқтап үлгермесе (бұл қашықтан оқу курсын өзіне қолайлы кез келген уақытта) сертификат берілмейді және материалдарға қолжеткізу жабылады