Перейти к основному содержанию

Қазақ тілінде оқытатын жалпы орта білім беру ұйымдарының математика пәні мұғалімдерін оқытуға арналған «Математика сабағында интерактивті және цифрлық білім беру ортасын құру» тақырыбындағы педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы

Smart LMS

Құрастырылған бағдарлама білім беру жүйесінде мұғалімдердің цифрлық сауаттылығы мен қолдану дағдыларын дамытатын, жылдам өзгермелі уақытта оқушылардың назарын пәнге аударатын ауқымды бағдарлама ретінде Қазақстанның білім беру жүйесін ақпараттандырудағы серпіліс болады деген сенім бар.

Осы білім беру бағдарламасы мына қойылатын талаптарды айқындайды:

·         Мультимедиялық ресурстар мен ЖИ, симуляциялар мен виртуалды/қосарланған шындықты демонстрациялық құрал ретінде оқу мақсатына сай мқғалімдердің жетік қолдана алуы;

·         қазіргі математика пәнін оқытуда білім сапасын арттыру бойынша цифрлық тапсырмалар қорын әзірлеуі.  

Бағдарламаның мақсаты – математика пәні мұғалімдерінің сабақ барысында қолданылатын цифрлық технологияларды игеруі арқылы білім алушының ақпаратты талдау және бағалау деңгейлерін дамытуарналған.

Бағдарламаның міндеттері:

1)       Цифрлық білім беру құралдарының оқу бағдарламасымен сәйкес келуі, сонымен қатар, мазмұны жағынан оқушының жас ерекшеліктеріне сай болуы ;

2)      Мультимедиялық ресурстар мен ЖИ, симуляциялар мен виртуалды/қосарланған шындықты демонстрациялық құрал ретінде пәннің мазмұнын ашу;

3)      Цифрлық білім беру ресурстары мен сервистерді пайдалану арқылы баланың ақпаратты талдау ойлауын дамытуға арналған тапсырмалар мен бағалау әдістерін қолдануын дамыту;

4)      Интерактивті тапсырмаларды сабақтың әр кезеңінде оқушылардың жас ерекшеліктері мен қызығушылықтарын ескере отырып тиімді қолдану.

5)      Цифрлық білім беру ортасын құруда білім алушылардың өз бетінше жұмыс жасауы мен реттеуі арқылы жоғары ойлау дағдыларын дамыту.

Күтілетін нәтиже:

1)       цифрлық технологияларды қолдану арықылы білім алушының ақпаратты талдау және бағалау ойлау деңгейлерін дамытады;

2)       мультимедиялық аудио/видео және виртуалды шындықта тапсырмаларды құрастыру және бағалау бойынша практикалық дағдылар мен дағдыларды игереді;

3)       курс барысында алынған білімді практикалық тапсырмаларда, күнделікті сабақ кезінде тиімді қолдана алады;

4)       сыныптағы оқушылардың қабылдау түйсіктеріне, дарындылығы т.с.с ерекшеліктеріне қарай тапсырмаларды саралау арқылы оқу мақсатына жетеді.

5)       оқушылардың білім алудағы жауапкершілігін арттыру мен бағалау дағдыларын дамытады.

Бағдарлама 5 модульден тұрады:

1)      Нормативтік-құқықтық;

2)      Математика сабағында интербелсенді тапсырмалар ұйымдастыру құралдары;

3)      Математика пәнін оқытуда топтық/жұптық жұмыстарын ұйымдастыру мен бағалауға арналған платформалар;

4)      Математиканы оқытуда кері байланыс пен сыни ойлауын дамытуда тиімді платформалар;

5)      Виртулды және қосарланған шындықта математиканы оқыту.

Программа курса

Полезная информация

Начало обучения: 1 декабря 2025 года

Стоимость: 12 000 KZT

Язык обучения: Казахский

Объем академических часов: 80

Окончание обучения:

Тіркелген сәттен бастап 60 күн ішінде

Егер курс тыңдаушысы көрсетілген мерзім ішінде оқуды аяқтап үлгермесе (бұл қашықтан оқу курсын өзіне қолайлы кез келген уақытта) сертификат берілмейді және материалдарға қолжеткізу жабылады

Преподаватели

Записаться на курс

Все права зарегистрированы © 2025

Разработано компанией LMS.KZ