Негізгі мазмұнға

Жалпы орта білім беру ұйымдарының информатика пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсының «C++ тілінде бағдарламалау негіздері және оны Arduino платформасында қолдану»

Smart LMS

«C++ бағдарламалау негіздері және Ардуинода қолдану» білім беру бағдарламасы оқу процесіне бағдарламалау мен электрониканы интеграциялауға, бағдарламалауды оқыту сапасын арттыруға, сондай-ақ оқушылардың информатика мен компьютерлік ғылымдарды оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған педагогтар мен білім беру саласы мамандарының кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін әзірленген.

Осы білім беру бағдарламасы келесілерге қойылатын талаптарды анықтайды: а) оқу нәтижелеріне бағдарланған жалпы орта білім беру ұйымдары информатика мұғалімдерін даярлау мазмұнына; б) оқу жүктемесінің көлемі мен мазмұнына; в) оқу процесін ұйымдастыру және жүзеге асыру нысандарына; г) педагогтардың білімді меңгеру деңгейіне; д) педагогикалық қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға; е) біліктілікті арттыру курстары аясында педагогикалық қызметкерлерді аралық және қорытынды аттестаттауға.

Бағдарламаның мақсаты: Оқу міндеттерін тиімді іске асыру, білім беру процесін байыту, сондай-ақ оқушыларды ғылыми-зерттеу қызметіне дайындау барысында алған білім мен дағдыларды әрі қарайғы зерттеу жұмыстарында қолдану арқылы педагогтардың код жазу сауаттылығын арттыру және C++ бағдарламалау тілінің негіздерін үйрену аясында Ардуиноны өздерінің педагогикалық қызметінде қолдану болып табылады.

Бағдарламаның міндеттері:

1)      Педагогтардың C++ бағдарламалау ортасын пайдалану саласындағы білімдерін кеңейту: кітапханалар, деректер түрлері, бағдарлама құрылымы, шартты операторлар мен таңдау операторын, циклдерді, массивтерді қолдану;

2)      C++ бағдарламалау ортасында шартты оператор мен таңдау операторын, параметрлі, соңғы және алдын ала шартты цикл операторларын, массивтерді және массивтегі элементтерді сұрыптауды қолдану бойынша практикалық есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру;

3)      Arduino микроконтроллерлері контекстінде C++ бағдарламалау тілін қолдану дағдыларын дамыту, осы орта аясында электроникамен жұмыс істеудің негізгі принциптерін үйрету;

4)      Педагогтардың креативтілігі мен инновациялық ойлауын дамытуға жәрдемдесу, оларды бағдарламалау мен электроника элементтерін біріктіретін оқу жобаларын әзірлеуге және іске асыруға ынталандыру.

Бағдарламаның күтілетін нәтижелері. Педагогтар:

1)      C++ бағдарламалау ортасын қолдану саласындағы білімдерін кеңейтеді, кітапханалармен және деректер түрлерімен жұмыс істеу құзыреттіліктерін меңгереді, шартты операторларды, таңдау операторларын және циклдерді қолдануды үйренеді, бұл олардың күрделі есептерді шешу және алгоритмдерді әзірлеу қабілетін арттырады;

2)      Оқыту процесін жеңілдете отырып, бағдарламалардың құрылымын әзірлеуді үйренеді және күрделі есептерді шешу мен алгоритмдерді құрастыру үшін шартты операторларды, циклдерді және массивтерді меңгереді;

3)      C++ бағдарламалау тілін қолдану дағдыларын меңгереді және Arduino негізіндегі электронды-механикалық конструкцияларды басқару бағдарламаларын әзірлей алады, бұл педагогтарға бағдарламалауды оқу процесіне интеграциялауға, оқушыларды жандандыруға және ынталандыруға мүмкіндік береді;

4)      Өз жобаларын жасауда шығармашылық ойлауды дамытады, бұл оларға алған білімдерін нақты жағдайларда қолдануға және өз сабақтарын әзірлеу кезінде даралығын көрсетуге көмектеседі.

Программа курса

Полезная информация

Начало обучения: в любое удобное для Вас время

Стоимость: 20 000 тенге

Язык обучения: Казахский

Объем академических часов: 80

Окончание обучения:

Тіркелген сәттен бастап 60 күн ішінде

Егер курс тыңдаушысы көрсетілген мерзім ішінде оқуды аяқтап үлгермесе (бұл қашықтан оқу курсын өзіне қолайлы кез келген уақытта) сертификат берілмейді және материалдарға қолжеткізу жабылады

Преподаватели

Записаться на курс

Все права зарегистрированы © 2025

Разработано компанией LMS.KZ