Перейти к основному содержанию

Қазақ тілінде оқытатын жалпы орта білім беру ұйымдарының география пәні мұғалімдерін оқытуға арналған «Қазіргі географиялық білім беруде цифрлық технологиялар және жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамыту» педагогтердің біліктілікті арттыру курсының білім беру бағдарламасы

Smart LMS

Бағдарлама мазмұны пән мұғалімінің кәсіптік дағдыларын сергітіп, оқу процессінде оқытудың сапасын арттыруға бағытталған жаңа әдістер мен тәсілдер енгізуге, сонымен қатар жаңа оқу бағдарламаларына сай география пәнінің замануи білім беру талаптарына сай, әрі өзекті болып қалуына мүмкіндік туғызады. География пәні мұғалімінің пәндік, метапәндік және цифрлық құзыреттілік пен экологиялық білім беру  деңгейін арттыруға бағыттала отырып, Бағдарлама география мұғалімі мамандығы беделінің нығаюына және білім беру саласында жаратылыстану ғылыми сауаттылықты арттыруға негіз болады.

Осы білім беру бағдарламасы келесі талаптарды айқындайды:

1.                  оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, жалпы орта білім беру ұйымдарының география пәні мұғалімдерін даярлау мазмұнына;

2.                  география пәні мұғалімдерінің пәндік, метапәндік, цифрлық, жаратылыстану-ғылыми  құзыреттілігін дамыту;

3.                  география пәні мұғалімдерінің цифрлық технологияларды білімін игеру деңгейіне;

4.                  оқу процесін тиімді ұйымдастыру және оқушыларды зерттеу жүмыстарына баулу;

5.                  Дәстүрлі білім беру мен заманауи білім беруді ұштастыру арқылы оқушылардың білім жетістіктерін көтеру;

6.                  біліктілікті арттыру курстары шеңберінде педагог қызметкерлерді аралық және қорытынды аттестаттау.

Бағдарламаның мақсаты – заманауи білім беру әдістерін дәстүрлі оқу үдерісіне қолдану және интеграциялау арқылы география пәні мұғалімдерінің пәндік, метапәндік, цифрлық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамыту.

Бағдарламаның міндеттері:

1)                  Жаңа білім беру тәсілдері мен әдістемелерін пайдалана отырып, географияны оқыту әдістемесін жетілдіру.

2)                  Оқытудың тиімді әдістерін дамыту арқылы география мұғалімінің пәндік, пәнаралық, сандық және жаратылыстану-ғылыми  құзыреттілігін дамытуға қолдау көрсету.

3)                  Дәстүрлі білім беру әдістерін қолдана отырып, оқу процесін ұйымдастырудың кәсіби дағдыларын дамыту.

4)                  География сабақтарында PISA форматында оқу материалдары мен тест тапсырмаларын жасау және бейімдеу.

5)                  Оқу процесінде жасанды интеллектті қолданудың негізгі әдістері мен құралдарын оқып, меңгеру

Күтілетін нәтиже:

1)                  Оқыту тиімділігін арттыру үшін жаңа әдіс-тәсілдерді оқыту тәжірибесіне енгізе алады.

2)                  Географияны оқытуда географиялық ақпараттық жүйелерді (ГАЖ) пайдалануды қоса алғанда, пәндік, мета-пәндік, цифрлық және жаратылыстану-ғылыми құзыреттерді меңгереді.

3)                  Оқытудың дәстүрлі әдістерін қолдана отырып, сабақта оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда кәсіби дағдыларын жетілдіру

4)                  Оқушыларды білім сапасын халықаралық бағалауға дайындау мақсатында география сабақтарында пайдалану үшін PISA форматында оқу материалдары мен тест тапсырмаларын жасап, бейімдей алады.

5)                  Білім беру іс-әрекетінде жасанды интеллектті пайдалану әдістері мен құралдары туралы білімге ие болады және ЖИ оқытудың тиімділігі мен сапасын қалай жақсарта алатынын түсінеді.

Бағдарлама 6 модульден тұрады:

1)                  Нормативтік құқықтық актілер.

2)                  География пәнін оқытудың заманауи әдістері.

3)                  География бөлімдері бойынша цифрлық технологияларды қолдану жолдары.

4)                  Зерттеу жұмыстарына оқушыларды баулу.

5)                  Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру және бағалау.

6)                  Жасанды интеллекті пайдалану түрлері.

Программа курса

Полезная информация

Начало обучения: 1 декабря 2025 года

Стоимость: 12 000 KZT

Язык обучения: Казахский

Объем академических часов: 80

Окончание обучения:

Тіркелген сәттен бастап 60 күн ішінде

Егер курс тыңдаушысы көрсетілген мерзім ішінде оқуды аяқтап үлгермесе (бұл қашықтан оқу курсын өзіне қолайлы кез келген уақытта) сертификат берілмейді және материалдарға қолжеткізу жабылады

Преподаватели

Записаться на курс

Все права зарегистрированы © 2025

Разработано компанией LMS.KZ