Перейти к основному содержанию

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдеріне арналған “Q бекеті: қазақ тілін оқытудағы креативті технологиялар” атты мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру бойынша білім беру бағдарламасы

Smart LMS

Біліктілікті арттыру курсының білім беру бағдарламасы Т1 және Т2 әдіснамасы аясында жұмыс істейтін мұғалімдерге арналған. Бағдарламаның өзектілігі – цифрлық қоғамдағы қалыптасқан педагогтердің рөлін жандандыруда өмір бойы оқу тенденциясы аясында мұғалімнің көштен қалмай жаңа дәуір ұрпақтарымен академиялық білімін толықтыруда креативті технологияларды пайдалана отырып, функционалдық сауаттылық пен оқу сауаттылығын арттыру.

XXI ғасырдағы білім берудің өзгеруі бірнеше маңызды тенденциялармен ерекшеленеді: дербестендірілген оқытуға баса назар аударудың артуы, жастар арасындағы білім берудің қабылданған құндылығының өзгеруі, білім берудің жаһандық ықпалына байланысты ақпараттық кедергілердің салдары. Бұл факторлар білім мен тәрбиені үйлесімді интеграциялаудың маңыздылығын, педагогтар тарапынан іс-әрекетке жылдам көшу керектігін көрсетеді. Бұл интеграцияның басты бағыты заманауи білім берудің трендіне айналған Hard skills/ Soft skills, яғни «жұмсақ»/ «қатты» дағдыларды оқушы бойында жетілдіру, коммуникативті құзыреттіліктерді дамыту, оқушыларды қоғамға бейімделуге және өмірлік дағдыларды дамытуға дайындау болып табылады. Осы тұрғыда білім беру сапасын арттырудың және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ескерудің маңыздылығы алғашқы орынға шығады. Атап айтқанда, мектептерде әлемдік білім беру стандарттарына сәйкес мемлекеттік тілді оқытудың бірегей ерекшеліктеріне бейімделген мамандандырылған әдістемелік жүйелерді әзірлеуді талап етеді.

Осы білім беру бағдарламасы мыналарға қойылатын талаптарды айқындайды:

а) жалпы орта білім беру, жекеменшік мектеп ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау мазмұнына;

б) оқу жүктемесінің көлемі мен мазмұны;

в) оқу процесін ұйымдастыру нысандары;

г) біліктілікті арттыру курстары шеңберінде педагог қызметкерлерді аралық және қорытынды аттестаттау.

Бағдарламаның мақсаты – оқу процесінде педагогтің жеке тұлғалық типін анықтай отырып, шығармашылық пен цифрлық сауаттылықты дамыту арқылы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілік деңгейін арттыру.

Бағдарламаның міндеттері: 

1)                 цифрлық тенденцияларға бейімделген стратегиялар мен әдістерді әзірлеу туралы түсініктерді қалыптастыру;

2)                 ұлттық кодты сақтай отырып, жасанды интеллектің мүмкіндіктерін қазақ тілі сабақтарына кіріктіру арқылы әдістемелік ұсыныстарды әзірлеу;

3)                 тілді меңгерудегі оқушылар үшін тиімді визуалды шығармашылықты дамытатын тапсырмалар топтамасын ұсыну;

4)                 ұжымдық мәселелерді шеше алатын өмірдегі түрлі жағдайларға бейім, икемді, сауатты тұлғаны қалыптастыруда қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің құзіреттілігін дамытуға ықпал ету.

Күтілетін нәтиже:

1)         оқу процесінде цифрлық тенденцияларға бейімделген стратегиялар мен әдістерді әзірлеу түсінігі  қалыптасады;

2)         ұлттық кодты сақтай отырып, жасанды интеллектің мүмкіндіктерін қазақ тілі сабақтарына кіріктіру арқылы әдістемелік ұсыныстарды әзірлейді;

3)         оқу бағдарламасына негізделген визуалды шығармашылықты дамытатын тапсырмалар топтамасын ұсынады, жинақтайды;

4)         ұжымдық мәселелерді шеше алатын өмірдегі түрлі жағдайларға бейім, икемді, сауатты тұлғаны қалыптастыруда қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің құзіреттілігін арттыруға үлес қосады, ықпал етеді.

Бағдарлама 7 модульден тұрады:

1.                  Нормативтік-құқықтық.

2.                  Z және α ұрпақтарының зейінін қалай шоғырландырамыз?

3.                  Цифрлық сауаттылық.

4.                  Қазақ тілі және жасанды интеллект (AI).

5.                  Тілді меңгертудегі визуалды шығармашылық.

6.                  Коллаборативті оқыту.

7.                  «Өзіміз отырып шай ішейік» (кейс-сессия).

Программа курса

Полезная информация

Начало обучения: 1 декабря 2025 года

Стоимость: 12 000 KZT

Язык обучения: Казахский

Объем академических часов: 80

Окончание обучения:

Тіркелген сәттен бастап 60 күн ішінде

Егер курс тыңдаушысы көрсетілген мерзім ішінде оқуды аяқтап үлгермесе (бұл қашықтан оқу курсын өзіне қолайлы кез келген уақытта) сертификат берілмейді және материалдарға қолжеткізу жабылады

Преподаватели

Записаться на курс

Все права зарегистрированы © 2025

Разработано компанией LMS.KZ