Жалпы білім беретін мектептердегі «Биология пәні мұғалімдеріне заманауи әдістерді оқыту» педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру бойынша білім беру бағдарламасы
Осы білім беру бағдарламасы мыналарға қойылатын талаптарды айқындайды:
А) оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, жалпы орта білім беру ұйымдарының биология мұғалімдерін даярлау мазмұнына;
Б) педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін дамыту;
В) педагогтердің пәндік білімін игеру деңгейіне;
Г) оқу жүктемесінің көлемі мен мазмұны;
Д) оқу процесін ұйымдастыру және жүзеге асыру нысандары;
Е) біліктілікті арттыру курстары аясында педагог қызметкерлерді аралық ықшамсабақ өткізу, қорытынды бағалау биология пәні оқу бағдарламасынан кез-келген сыныптың бір бөлім көлемінде портфолио жинақтау және рефлексиялықсараптама жазба жазу.Педагогтер алған білімін практикада іске асыруы үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізетін ұйымдар білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен педагогтер қызметін курстан кейінгі қолдауды тегін жүзеге асырады.
Бағдарламаның мақсаты - оқу іс-әрекетіндетиімді әдістерді оқытуды қолдану арқылы биология пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру.
Бағдарламаның міндеттері:
1)Биология пәні мұғалімінің кәсіби қызметінде қолданылатын тиімді әдістер туарлы білім мен түсініктерді қалыптастыру;
2)Тиімді әдістерді қолдану арқылы биология пәні мұғалімдерінің оқыту әдістемесін жетілдіру;
3)Оқытудың тиімді әдістерін меңгеру арқылы биология пәнімұғалімінің педагогикалық құзыреттілігін дамытуға ықпал ету;
4)Цифрлық ортада оқыту процесін ұйымдастырудың кәсіби дағдыларын қалыптастыруда оқытудың тиімді әдістерін қолдану.
Күтілетін нәтиже:
1)оқу процесінде пайдаланылатын қазіргі заманғы тиімді әдістерді қолдану туралы білімі бар, ол туралы түсініктері қалыптасқан;
2)сабақтардың тиімділігін арттыру және оқыту мақсаттарына қол жеткізу үшін тиімді әдістерді қолдану арқылы оқыту мүмкіндіктерін іске асырады;
3)оқытудың тиімді әдістерін меңгереді,мұғалімінің педагогикалық құзыреттілігі дамиды;
4)Цифрлық ортада оқыту процесін ұйымдастырудың кәсіби дағдылары қалыптасады, оқытудың тиімді әдістерін тәжірибеде қолданады.
Бағдарлама 6 модульден тұрады:
1)Нормативтік-құқықтық.
2)Мұғалімнің шеберлігі мен имиджі. Мұғалімнің құндылықтары.
3)Тиімді оқытудың жалпы мәселелері.
4)Тиімді оқыту әдістері.
5)Сандық оқыту әдістері.
6)STEAM, STEM, Жобалық зерттеуді жүзеге асыру.
Программа курса
Записать
Варианты зачисления на курс
Биология (Торгаева Э.А., Темірхан Б.Т., Уалеив Ұ.Б.))
Егер курс тыңдаушысы көрсетілген мерзім ішінде оқуды аяқтап үлгермесе (бұл қашықтан оқу курсын өзіне қолайлы кез келген уақытта) сертификат берілмейді және материалдарға қолжеткізу жабылады