Қазақ тілінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсының «Бастауыш сынып сабақтарында цифрлық технологиялар мен нейрожаттығулардың интеграциясы: жаһандану ғасырында тиімді оқыту» білім беру бағдарламасы
Құрастырылған бағдарламабілім беру жүйесінде мұғалімдердің цифрлық сауаттылығы мен кинезиология ғылымы туралы білімдерін дамытатын, жаһандану ғасырында тиімді оқытуды жүзеге асыратынауқымды бағдарлама ретінде Қазақстанның білім беру жүйесін ақпараттандырудағы серпіліс болады деген сенім бар.
Бағдарламаның мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу үдерісінде қолданылатын цифрлық ресурстарды игеруі арқылы оқушының когнитивті ойлау қабілеттерін дамыту, оқу сауаттылығының сапасын арттыруға бағытталған кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру.
Бағдарламаның міндеттері:
1Цифрлық білім беру мен нейрожаттығулардың оқу процесінде ұштасуының мақсаты, мазмұны, қазіргі оқу үдерісіндегі маңыздылығы туралы білімді қалыптастыру;
2Білім беру жүйесінде цифрлық технологияның мүмкіндіктері мен мұғалімнің цифрлық сауаттылығы,сабақта қолданылатын нейрожаттығулар туралыбілімдерінкеңейту;
3Электрондық білім беру ресурстары мен түрлі интернет-ресурстар мен сервистерді пайдалану арқылы баланыңкогнитивті ойлауын дамытуға арналған тапсырмалар мен бағалау әдістерін қолдануын дамыту;
4Цифрлық платформалардың көмегімен PISA зерттеулерінің тапсырмаларын құрастыру және бағалау бойынша практикалық дағдыларын меңгерту;
5Жаратылыстану, математика, қазақ тілі мен әдебиеттік оқупәндерінде пайдаланатын нейрожаттығулар арқылы баланыдамыту құзыреттілігін жетілдіру тәсілдері мен оқу материалдарын қолдану.
Күтілетін нәтиже:
1оқу процесінде пайдаланылатын цифрлық білім беру технологиялар мен баланың когнитивті ойлау дағдыларын дамытатын нейрожаттығулар туралы білімі қалыптасады;
2сабақтардың тиімділігін арттыру және оқыту мақсаттарына қол жеткізу үшін цифрлық ресурстар мен нейрожаттығу әдістері арқылы білімдері кеңейеді;
3интернет-ресурстар мен сервистерді пайдалану арқылы баланыңкогнитивті ойлауын дамытуға арналған тапсырмалар мен бағалау әдістерін қолдануын дамытады;
4PISA зерттеулерінің тапсырмаларын құрастыру және бағалау бойынша практикалық дағдылар мен біліктерді игереді;
5курс барысында алынған білімді практикалық жұмыстарда, күнделікті оқу үдерісінде тиімдіқолдана алу дағдысынмеңгереді.
Бағдарлама 5 модульден тұрады:
1.Нормативтік-құқықтық;
2.Цифрлық білім беру мен нейрожаттығулар туралы түсінік;
3.Сабақта топтық және кері байланыс жұмыстарын ұйымдастыруға арналған платформалар мен нейрожаттығулар;
Егер курс тыңдаушысы көрсетілген мерзім ішінде оқуды аяқтап үлгермесе (бұл қашықтан оқу курсын өзіне қолайлы кез келген уақытта) сертификат берілмейді және материалдарға қолжеткізу жабылады