Қазақ тілінде оқытатын жалпы орта білім беру ұйымдарының физика пәні мұғалімдерін оқытуға арналған «Физика сабақтарында цифрлық технологияларды кіріктіру: интерактивті STEAM-сабақтар жасау» тақырыбындағы педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы
«Физика сабақтарында цифрлық технологияларды кіріктіру: интерактивті STEAM-сабақтар жасау» ипедагогтардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) жалпы орта білім беру ұйымдарының физика мұғалімдерін оқытуға арналған. Бағдарлама физика пәні мұғалiмдерiнiң қазiргi заманғы бiлiм беру жағдайында цифрлық технологияларды кіріктіруге және интерактивті STEAM тәсілін қолдану саласындағы кәсiптiк құзыреттерiнiң деңгейiн арттыруға бағытталған.
Осы курс аясында интерактивті STEAM сабақтарын құруға баса назар аудара отырып, физиканы оқытуға цифрлық технологияларды интеграциялау бойынша оқытуды ұсынылады. Заманауи оқыту технологиялары оқушылар үшін сабақтарды қызықты, тиімді етуге мүмкіндік береді. STEAM тәсілін қолдану оқушылардың физика бойынша білімдерін ғана емес, сонымен қатар шығармашылық ойлауын, командада жұмыс істеу дағдыларын, проблемалық ойлау мен сыни талдауды дамытуға ықпал етеді.
Бағдарламаның мақсаты – физика пәні мұғалiмдерiнiң қазiргi заманғы бiлiм беру жағдайында цифрлық кәсiптiк-бағдарланған құралдар мен STEAM тәсілін қолданудағы кәсiптiк құзыреттiлiк деңгейiн арттыру.
Бағдарламаның міндеттері:
1)Физика пәні мұғалімінің кәсіби қызметінде қолданылатын интерактивті сабақтарға арналған құралдар және бағдарламалық қамтамасыз ету туралы білім мен түсініктерді қалыптастыру;
2)Цифрлық технологиялар мен STEAM тәсілі туралы білімдерін кеңейту;
3)Физикалық концепцияларды түсіндіру үшін интерактивті тапсырмалар, эксперименттер мен визуализациялар жасау әдістерін қолдану арқылы оқыту әдістемесін жетілдіру;
4)Оқыту әдістерін меңгеру арқылы физика пәні мұғалімінің интерактивті педагогикалық құзыреттілігін дамытуға ықпал ету;
5)Oқыту процесін ұйымдастырудың кәсіби дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
1)Интерактивті сабақтарға арналған құралдар мен бағдарламалық қамтамасыз ету туралы білімді игереді;
2)Цифрлық технологиялар және STEAM әдісі туралы түсініктерді меңгереді;
3)Сабақтардың тиімділігін арттыру және оқыту мақсаттарына қол жеткізу үшін интерактивті тапсырмалар мен визуализацияларды пайдалана отырып оқыту мүмкіндіктерін іске асырады;
4)Оқытудың интерактивті тәсілдерін және цифрлық технологияларды меңгереді;
5)Цифрлық технологияларды пайдалана отырып оқу процесін ұйымдастырудың кәсіби дағдыларына ие болады.
Бағдарлама 5 модульден тұрады:
1)Нормативтік-құқықтық.
2)STEAM-білім беруге кіріспе және оның оқу процесіндегі рөлі
3)Интерактивті презентациялар мен визуализацияларды пайдалану
4)Виртуалды зертханалар мен симуляцияларды қолдану
5)Физиканы оқытуда Excel және 3D модельдеу бағдарламаларын пайдаланудың аспектілері.
Егер курс тыңдаушысы көрсетілген мерзім ішінде оқуды аяқтап үлгермесе (бұл қашықтан оқу курсын өзіне қолайлы кез келген уақытта) сертификат берілмейді және материалдарға қолжеткізу жабылады