Перейти к основному содержанию

Қазақ тілінде оқытатын жалпы орта білім беру ұйымдарының Қазақстан тарихы пәні мұғалімдерін оқытуға арналған «Қазіргі білім беру жағдайындағы Қазақстан тарихы оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы

Smart LMS

«Қазіргі білім беру жағдайындағы Қазақстан тарихы оқытудың өзекті мәселелері» педагогтардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) жалпы орта білім беру ұйымдарының қазақстан тарихы мұғалімдерін оқытуға арналған. Бағдарлама қазақстан тарихы пәні мұғалiмдерiнiң қазiргi заманауи  бiлiм беру жағдайында оқытудың белсенді әдіс-тәсілін қолдану саласындағы кәсiптiк құзыреттілік деңгейлерiн арттыруға бағытталған.

Бағдарлама оқу іс-әрекетінде оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы қазақстан тарихы мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілік, жаңашылдық-шығармашылық  қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік туғызады.

Бағдарламаның мақсаты - оқу іс-әрекетінде белсенді оқыту технологияларын қолдану арқылы қазақстан тарихы пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру.

Бағдарламаның міндеттері:

1.      Қазақстан тарихы пәні мұғалімінің кәсіби қызметінде қолданылатын заманауи интерактивті білім беру технологиялары туралы білім мен түсініктерді қалыптастыру;

2.      Белсенді оқыту технологияларын, әдістері мен тәсілдерін қолдану арқылы Қазақстан тарихы пәнінің оқыту әдістемесін жетілдіру;

3.      Оқытудың әртүрлі нысандары мен әдістерін меңгеру арқылы мұғалімінің педагогикалық құзыреттілігін дамытуға ықпал ету;

4.      Цифрлық ортада оқыту процесін ұйымдастырудың кәсіби дағдыларын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

1.      оқу процесінде пайдаланылатын қазіргі заманғы интерактивті білім беру технологиялары туралы білімі бар;

2.      белсенді оқыту ортасында оқу процесін ұйымдастыру дағдыларын көрсетеді.

3.      Оқытудың әртүрлі нысандары мен әдістерін меңгеру арқылы мұғалімінің педагогикалық құзыреттілігі артады;

4.      оқытудың цифрлық интерактивті тәсілдерін меңгереді.

Бағдарлама 5 модульден тұрады:

1.      Нормативтік-құқықтық ой

2.      BIG Data: талдаудың жалпы мәселелері

3.      Қазақстан тарихы сабағы: оқытудың белсенді әдіс тәсілдері.

4.      Интербелсенді оқыту тәжірибесі.

5.      Қазақстан тарихы пәнінен олимпиадаға дайындау ерекшеліктері.

Программа курса

Полезная информация

Начало обучения: 1 декабря 2025 года

Стоимость: 12 000 KZT

Язык обучения: Казахский

Объем академических часов: 80

Окончание обучения:

Тіркелген сәттен бастап 60 күн ішінде

Егер курс тыңдаушысы көрсетілген мерзім ішінде оқуды аяқтап үлгермесе (бұл қашықтан оқу курсын өзіне қолайлы кез келген уақытта) сертификат берілмейді және материалдарға қолжеткізу жабылады

Преподаватели

Записаться на курс

Все права зарегистрированы © 2025

Разработано компанией LMS.KZ